Жыл сайын мектебімізде ауылдық округ қызметкерлері арасында «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне» арналған жарыс өткізіледі. Биылғы жыл да дәстүрден тыс қалмады.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «Елецкий орта мектебі» КММ командасы иеленді.
ІІ орынды Айыртауское ауылының студенттер командасы алды.
ІІІ құрметті орынды «Елецкий ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ командасы иеленді.
Жарыстар патриоттық тәрбие беру, спорттық рухты сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіледі.





