Бірге ойнау арқылы балалар тек көңіл көтеріп қана қоймай, бір-бірін тыңдауды, қарапайым нәрселерге қуана білуді, өз қиялдарында тұтас әлемдер құрастыруды үйренеді. Осындай сәттерде сенім қалыптасып, қарым-қатынас нығаяды, әрі өмір бойы есте қалатын ерекше естеліктер пайда болады. Осыған байланысты біздің ұйымның тәрбиешілері «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында «Бірге ойнаймыз» тақырыбында іс-шараларды ұйымдастырып, мазмұнды әрі нәтижелі өткізді.
Ойын әрекеті «Болады – болмайды» ситуациялық ойыны, «Ойыншықтар ренжіді» рөлдік ойыны, «Жақсылықты жеткіз» аз қимылды ойыны арқылы ұйымдастырылды. Бұл ойындар барысында балаларды ойыншықтармен бөлісуге, сүйікті ойыншығымен ойнау кезегін күтуге, бір-бірін итермеуге, жаман сөз айтпауға, дұрыс әрекет жасауды үйретуге, сондай-ақ жылы, сыпайы сөздер айтуға баулыды.
Педагогтар келесі тиімді әдіс-тәсілдерді қолданды:
қысқа әрі қарапайым сөйлеу;
түсіндіруден гөрі қимыл-қозғалысты көбірек қолдану;
ойыншықтар мен эмоцияларды пайдалану;
дұрыс жауаптар үшін мадақтау.





