«Заң және тәртіп» құндылықтарын мектеп оқушылары арасында насихаттау мақсатында «Хулиганка», «Не книжные закладки» фильмдерінің көрсетілімі және талдауы ұйымдастырылды.
Аталған көрсетілімнің мақсаты — есірткімен байланысты қылмыстардың, буллинг пен агрессияның салдарын түсіндіру, сондай-ақ жасөспірімдердің заң алдындағы жеке жауапкершілігіне назар аударту.





