Қазақстан Республикасы күніне орай біздің мектепте тарих пәнінің мұғалімі Базарбаев Азамат Қалымжанович 10–11 сынып оқушыларымен «Заң үстемдігі – әділетті Қазақстанның негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін, азаматтық жауапкершілігін және отанға деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
 	
						
						
						
						
						



