«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік
«Қамқор» жобасы аясында КММ «Елецкий орта мектебінде» Дүниежүзілік тазалық күніне орай «Таза Қазақстан» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттыру, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру және қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.
Акция барысында мектеп оқушылары мен ұстаздар аумақты тазалап, қоқыс жинау жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке белсене қатысқан оқушылар аула мен мектеп айналасын қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарына атсалысты.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақты табиғатты аялауға, ұжыммен бірлесе еңбек етуге үйрететіні сөзсіз.

						
						
						
						
						



