Біздің мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай тақырыптық саптық жиын өтті.
Іс-шара барысында оқушылар тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы маңызды кезеңдерді еске алып, еліміздің жетістіктері мен ұлттық құндылықтардың маңызы туралы мағлұмат алды.
Саптық жиын оқушылардың бойында патриоттық сезімді, өз Отанымыздың тарихына деген құрметті және тәуелсіз Қазақстанға деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етті.





