Спортшыларымызды құттықтаймыз!
«Ақшақар» спартакиадасы аясында өткен ашық шағын футбол турнирінде аудандық мектеп оқушылары арасында мектебіміздің оқушылары құрметті III орынға ие болды.
Бұл — табанды жаттығулардың, командалық бірліктің және жеңіске деген ұмтылыстың нәтижесі. Командамызды мақтан тұтамыз және алдағы уақытта жаңа спорттық жетістіктер мен биік белестер тілейміз!





