«Сапаны сақтау» өңірлік жобасын іске асыру аясында «Елецкий орта мектебі» КММ «Оқушылардың 5-сыныпқа көшу кезеңіндегі бейімделуінде отбасының рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысты директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ушакова Н.Н. жүргізді.
Жиналыс барысында балаларға психологиялық қолдау көрсету мәселелері, бейімделу кезеңінің ерекшеліктері және оқушылардың табысты әлеуметтеуіндегі ата-аналардың рөлі талқыланды.





