"Елецкий орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

«Санапы сақтау»

Previous Next

1 сәуір күні мектебімізде 4-сыныптарда сабақтастық онкүндігін ұйымдастыру және өткізуге арналған әдістемелік кеңес өтті. Іс-шара «Санапы сақтау» өңірлік жобасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Кеңес барысында педагогтер бастауыш және негізгі білім беру буындары арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етудің негізгі аспектілерін талқылап, тәжірибе алмасты және бірлескен жұмыс жоспарын белгіледі. Оқушылардың орта буынға өту кезеңіндегі бейімделуіне қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылды.
Онкүндікті өткізу білім сапасын арттыруға, оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға және бастауыш пен негізгі мектеп мұғалімдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Записаться на прием