Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні аясында «Елецкий орта мектебінде» оқушылардың жағымды эмоциялық көңіл-күйін қалыптастыруға, бір-біріне қолдау көрсетуді және ішкі үйлесімділікті сақтауды дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.Апта бойы келесі іс-шаралар жүзеге асырылды: «Әр адамға ізгі сөз» онлайн-акциясыҚолдау мен тілектер жазылған онлайн-ашықхаттар чаттар арқылы таратылып, мектеп ұжымында өзара түсіністік пен қолдау атмосферасын қалыптастыруға ықпал етті.«Менің табыс сатысым» жаттығуы
Бұл жаттығу оқушылардың өз жетістіктерін ұғынуға, өз-өзіне сенімділігін арттыруға және болашақ мақсаттарын айқындауға бағытталды.«Қолдау себеті» акциясыАрнайы дайындалған «қолдау себетіне» кез келген адам позитивті хаттар, пайдалы кеңестер мен алғыс сөздерін қалдырып, өзге адамдармен жағымды эмоция бөлісе алды. «Антистресс доп» ойыны Көңілді әрі пайдалы бұл ойын оқушылар арасындағы стрессті азайтуға және жағымды қарым-қатынасты нығайтуға арналды. Ойын барысында балалар «антистресс добын» бір-біріне лақтырып, жылы сөздер мен комплименттер айтты. Барлық іс-шаралар достыққа негізделген, жылы шырайлы атмосферада өтті, оқушылардың эмоциялық жағдайының жақсаруына, бірлік сезімінің нығаюына және психикалық денсаулық тақырыбына деген қызығушылықтың артуына ықпал етті.
 	
						
						
						
						



