Кітаптар қағаз бетінде қайта тіріледі: мектеп кітапханасындағы «Оқырман жаз» қалай өтуде!
Жазғы демалыс – зерігетін уақыт емес, шығармашылыққа толы кезең. Мектеп кітапханасында «Оқырман жаз» гайдбугы қызу жалғасуда.
Біздің жас оқырмандар сүйікті шығармаларының өмірін жалғастырудың тамаша жолын тапты. Балалар өздерін нағыз суретші-иллюстратор ретінде сезініп, оқыған кітаптарындағы ең қызықты сәттерді еске түсіріп, өз ойлары мен әсерлерін қағаз бетіне түсірді.
Жарқын суреттер арқылы оқушылар таныс оқиғаларды жаңаша баяндады. Ақ парақтарда адал достар, алыс ғаламшарлар мен батыл кейіпкерлер қайтадан жан бітірді.
Кітап – бізге әрдайым жаңа мүмкіндіктердің есігін ашатын сенімді серігіміз.





