Анамның,әкемнің, әжемнің, атамның қолындағы алғашқы балалар кітабы - бұл отбасылық оқуды бастайды және Оқырман осыдан басталады. Неліктен аналар мен әкелер, ата-әжелер оқығанды ұнататыны туралы айтпасқа? "Оқуға құштар мектеп" бағдарламасы бойынша іс - шаралар жоспары аясында 6 сынып оқушылары арасында кітапханашы "Балалық шақтың кітабы - атадан қалған мұра" акциясын өткізді. Акцияның мақсаты: отбасылық оқу дәстүрлерін жандандыру арқылы оқушыларды оқуға баулу. Балалар арасында сауалнама жүргізілді, оған ата - аналарымен бірге " Отбасылық оқу ағашын" жасау үшін карталар-схемалар дайындалып, оқушыларға таратылды. "Барлық уақытта "кітаптары А.Гайдар, Г. Троепольскийдің "Белый Бим, Черное ухо", Б Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа", И. С. Тургеневтің "Муму " және т. б. шығармалары болды. Отбасылық оқуды насихаттау мақсатында кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылып, "Балалық шақтың кітабы - атадан қалған мұра" әдебиетіне шолу жасалды
Жаңалықтар
"Оқуға құштар мектеп"
Қаралды: 16