"Елецкий орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

«Оқимыз, оқимыз, парақтарды ақтарамыз»

Previous Next

Мектеп кітапханасының іс-шаралар жоспары аясында 2-сынып оқушылары арасында «Оқимыз, оқимыз, парақтарды ақтарамыз» атты ертегілер марафоны өтті. Іс-шараның мақсаты: әдеби шығармаға қызығушылықты арттыру. Оқушылар ертегілерді дауыстап оқып, кітапханашымен бірге оқылған мәтінді талқылады.

Қазақ халық ертегісі «Кім ең күшті?» шығармасында еңбек тақырыбы қозғалды. Ертегі «күшті болғың келсе – еңбектеніп шынық» дегенді үйретеді. «Біреуге ор қазба» ертегісінде оқушылар мәтіннің негізгі ойын анықтап, «біреуге жамандық жасамау керек, өйткені ол өзіңе қарсы айналып келуі мүмкін» деген қорытындыға келді. Барлық ертегілер адал, еңбекқор, мейірімді және әділ болуға тәрбиелейді.
Записаться на прием