Дүниежүзілік денсаулық күніне орай — 7 сәуірде мектебімізде «Мен таңдаған жол» атты республикалық ашық сабақ өтті. Іс-шара оқушылардың өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыруға және салауатты өмір салты қағидаларына негізделген өмір жолын таңдауға бағытталды.
Сабақ барысында оқушылар дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, күн тәртібін сақтау және зиянды әдеттерден бас тартудың маңыздылығын талқылады. Сонымен қатар, өз денсаулығына және болашақ жетістіктеріне жеке жауапкершілік тақырыбына ерекше назар аударылды.





