"Елецкий орта мектебі" КММ
Ресми интернет-ресурс

Мектеп кітапханасында 1 Мамырға орай Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Халық бірлігі – ел күші» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

Previous Next

Мектеп кітапханасында 1 Мамырға орай Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Халық бірлігі – ел күші» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл – елімізде тұратын 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің достығы, өзара түсіністігі мен келісімін дәріптейтін мереке.

Көрмеде Қазақстан азаматтық қоғамындағы ұлттық дәстүрлердің түрлі бағыттары ұсынылған. Елдегі халықтардың көптүрлілігін танытатын «Жүз халық, жүз тіл», О. Дымовтың «Біз – Қазақстан халқы», «Қазақстан халықтарының тілдері», «Сиқырлы хоровод» және тағы басқа кітаптар қойылған.
Көрме оқушылардың туған жерге деген мақтаныш сезімін қалыптастырып, түрлі этностардың мәдени мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Записаться на прием