КВН командасын құттықтаймыз!
Көкшетау қаласында «Жастар рухы» жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы ұйымдастырған «КВН Жастар лигасы — 2025» фестивалі өтті.
«Zharqyn bolashaq» командасы (жетекшісі — Азамат Қалымжанович Базарбаев) Айыртау ауданының Елецкий орта мектебі ЦДО атынан лайықты өнер көрсетіп, 21 команданың ішінде III орынды иеленді! 
Бұл жетістік жаңа жеңістерге, шығармашылыққа және шабытқа бастайтын тамаша серпін болсын! 

						



