Кітап – біздің рухани қазынамыз: сынып сағаты қалай өтті
1–4 сыныптарда Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған ерекше сабақ өтті. Біз жай ғана кітап оқу туралы әңгімелесіп қоймай, «өткенге саяхат» жасап, «Менің оқыған кітабым» атты әдеби марафонға қатыстық. Оқушылар шығармалардың мазмұнын талқылап, оқыған кітаптары бойынша өз әсерлерімен бөлісті.
Балалар кітаптың бүгінгі күнге дейін қандай ұзақ жолдан өткенін біліп, таңданыстарын жасырмады. Біз:
Ежелгі Грекиядағы саз тақташалар мен Мысыр папирустарын;
Жануар терісінен жасалған пергамент пен қайың қабығын;
Қытайда қағаз жасау құпиясының ашылуын және 1440 жылы Иоганн Гутенбергтің алғашқы баспа станогын ойлап табуын талқыладық.
Еліміздің тарихына да ерекше назар аудардық. Қазақ тіліндегі алғашқы оқу кітабы – «Қырғыз хрестоматиясы» 1879 жылы Ыбырай Алтынсарин тарапынан жарық көргенін еске түсірдік. Бұл – біздің мәдени мұрамыз бен ұлттық болмысымыздың маңызды бөлігі.
Сабақ шығармашылыққа толы болды! Балалар ертегі кейіпкерлерінен келген «жеделхаттарды» қызыға шешіп, сүйікті кітаптарының атауларындағы «аударылған» сөздерді түзетті.





