Мектебімізде ААПҚ жұмысы аясында бастауыш сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Әке, ана, мен — спорттық отбасы» атты спорттық жарыстар өткізілді. Аталған іс-шараға 1–4 сынып оқушыларының ата-аналары белсенді түрде қатысты.
Іс-шараның мақсаты — балаларды спорттық тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлін арттыру, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ білім алушылардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын қалыптастыру.
Ата-аналарға ынтымақтастығы, бастамашылдығы және мектеп өміріне белсенді қатысқаны үшін зор алғысымызды білдіреміз. Мұндай іс-шаралар отбасылық құндылықтарды нығайтып, салауатты дәстүрлерді қалыптастыруға ықпал етеді.





