Күзгі демалыс-жаңа тәжірибе уақыты. Күзгі демалыс күндері мектеп кітапханасы жанды және көңілді болды. Кітапханашы балаларға арналған іс-шаралар циклын дайындады. "Демалыста кітап оқимыз" атты кітап көрмесінде бастауыш сынып оқушыларына қазақ ертегілері мен аңыздары ұсынылды. 5-9 сынып жасөспірімдеріне шығармашылық қабілеттерін дамыту, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін кітаптар ұсынылады. 10-11 сынып оқушылары үшін тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін әдебиеттер. 6-7 сынып оқушылары арасында "Кітапсыз демалыс болмайды" Буккросинг басталды. Әр іс-шара балалардың бос уақытын ұйымдастыруға, жаңа нәрсе білуге, жаңа достар табуға мүмкіндік беруге бағытталған. Барлығы "Күзгі жұмбақтар", "Егін жинау", "Мақал-мәтелдер құрастыру", "Күзгі алфавит", "Кроссвордты шеш" байқауларына көңілді және тату қатысты. Екі команда да қиындықтардан қорықпайтындықтарын, барлық кедергілерді оңай жеңетіндіктерін дәлелдеді. Іс-шара соңында "Күзгі кірпі" аппликациясы мастер-класс ұйымдастырылды.
Жаңалықтар
Күзгі демалыс-жаңа тәжірибе уақыты. Күзгі демалыс күндері мектеп кітапханасы жанды және көңілді болды.
	
		
		
		
		
					
	
				
		
	
			
		
					
	
	
	Қаралды: 1
			
				
		
	
						
						
						
						
						
						
						
						



