«Күлкі сыйла – әлемді жарқын ет»
Дүниежүзілік өзін-өзі өлтірудің алдын алу күніне орай әлеуметтік науқан ұйымдастырылды.
Науқанның мақсаты:позитивті дүниетанымды тәрбиелеу;мектеп оқушылары арасында бір-бірін эмоционалды қолдау дағдыларын қалыптастыру.
Науқанның міндеттері:балалар мен жасөспірімдерге өзара көмек пен эмпатия мәдениетін үйрету;
ұжымда достық, қуаныш және сенім атмосферасын қалыптастыру;
дағдарыс жағдайларының алдын алу және өмірді бағалауға назар аударту;
Күлкі – жүректерді жақындастыратын, жанға қуат беретін ең қарапайым әрі ең күшті құрал.Бұл күні оқушылар жылы лебіздер мен қолдау сөздер сыйлап, достарына жақсы көңіл-күй сыйлауға атсалысты. Әрбір оқушының шынайы күлкісі – болашаққа деген сенім мен үміттің белгісі.
Елецкий орта мектебінде «Өмір ағашы» атты мейірім мен жақсылықтың символына айналатын акция өтті.
Оқушылар оның жапырақтарына жүрекжарды тілектерін жазды:
Әрбір жазылған тілек – сенімнің, достықтың және үміттің белгісі болып, «Өмір ағашының» бұтақтарына қуат берді.
 	
						
						
						
						
						



