Ұлттық кітап күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында мектеп кітапханасында 1–4 сынып оқушылары арасында «Ертегілер әлеміне саяхат» атты әдеби марафон өтті. Іс-шараның мақсаты – кітапты насихаттау, оқуға деген қызығушылықты арттыру. Ертегіден асқан мейірімді де дана дүние бар ма? Балалар ертегілер арқылы жақсылыққа үйреніп, шындықты таниды.
Ертегі кейіпкерлері бойынша «Тапқышқа қонақта» атты жұмбақтар сайысы өткізілді. Қазақ ертегілері «Ер Төстік» және «Алдар Көсе» бойынша дауыстап оқу ұйымдастырылып, кітап көрмесі негізінде әдеби шолу жүргізілді.
Ертегіге саяхат аяқталғанымен, ертегілер әрқашан жанымызда. Тек кітапханаға барып, кітапты алып, ашып оқысаң болғаны.





