Бүгін мектебімізде «Энергия үнемдеу елі» атты қызықты әрі танымдық ойын өтті. Қатысушылар электр энергиясының үйге келуінің толық циклымен — оны өндіруден бастап тиімді пайдалануға дейін танысты.
Ойын барысында оқушылар:

электр энергиясының қалай өндіріліп, қалай жеткізілетінін білді;

электр құрылғыларын дұрыс әрі қауіпсіз пайдалануды үйренді;
жарықты және тұрмыстық техниканы пайдаланбаған кезде өшірудің не үшін маңызды екенін талқылады;

энергияны үнемдеу табиғатты және планетаның ресурстарын сақтауға қалай көмектесетінін түсінді.
Ойын викториналар, тапсырмалар және шағын квесттер арқылы интерактивті форматта өтті.