«Елецкий орта мектебі» КММ жанындағы мектепке дейінгі ұйымда «Ғарыш күні» жарқын әрі танымдық түрде өтті.
Барлық режимдік сәттер «ғарыш» стилінде ұйымдастырылды. Безендіру балаларға ғарышқа саяхат жасағандай әсер қалдырды. Балалар Күн жүйесіндегі ғаламшарлар мен алғашқы ғарышкерлер туралы әңгімеге қызығушылықпен қатысты.
Әсіресе қимылды және дидактикалық ғарыштық ойындар ерекше қызығушылық тудырды. Балалар өз қолөнер бұйымдарына қуанып, оларды ойында қолданды. Бұл күн олардың дүниетанымын кеңейтіп, ғарышты зерттеуге деген қызығушылығын арттырды.





