Ал «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі мектепке келген алғашқы күні оқушылармен «Мектебіміз жайлы үй» атты мектептің айналасында экскурсия ұйымдастырды.
Балаларға мектепте қандай сыныптар бар екені көрсетілді, қызықты жәдігерлері бар мектеп мұражайын тамашалады, спорт залын аралады, оның қаншалықты үлкен екенін атап өтті, мектеп асханасын аралады.
Мектепте балалар тұратын, оқитын, демалатын интернат бар екенін білдік. Мектеп кітапханасындағы көптеген кітаптарды қарау қызықты болды. Кітапханашы Светлана Анатольевна балаларға арналған әдебиеттер мен ертегілер қойылған сөрелерді көрсетті. Балалар өз тобын және мектеп сыныбын салыстыра отырып, топтың әдемі және қызықты болғанын, топта көптеген ойыншықтар мен түрлі ойындар бар екенін атап өтті.