Мектеп кітапханасында 9-сынып оқушылары арасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Қалам шебері» атты әдеби сағат өткізілді. Оқушыларға «Бір ел – бір кітап» атты кітап көрмесіне ақпараттық шолу ұсынылды.
2026 жылы жалпыға бірдей оқуға Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы таңдалды. Бұл – қазақ әдебиетінің көрнекті туындыларының бірі. Роман туған жерінен жырақта жүрген халықтың қасіретті тағдыры, айырылысу мұңы, рухтың беріктігі мен адалдық туралы баяндайды. Шығарма нақты тарихи оқиғаларға негізделіп, көркемдік шынайылығымен ерекшеленеді.
Оқушылар шығармадан үзінділер оқып, роман мазмұны бойынша пікір алмасуға қатысты. Қ. Жұмаділовтің шығармалары тарихи жадымызды жаңғыртып, туған мәдениетке деген құрметті тәрбиелеуге және жас ұрпақты шабыттандыруға ықпал етіп, өзектілігін жоймай келеді.





