25 қыркүйек ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша бірінші Республикалық олимпиада басталады. Бұл олимпиада оқушыларымыз үшін өз білімдері мен дағдыларын көрсетуге үлкен мүмкіндік.
Біздің мектептің қабырғасында олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді, онда олимпиадаға қатысушыларға мектеп директоры Есенбай Қадырұлы Қадыров жылы тілек сөздерін айтты. Ол республикалық олимпиадаларға қатысу Сіздердің әрқайсыларыңыз үшін үлкен құрмет және үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.
Балаларымызға сәттілік тілейміз!