Мектепте «Адалдық пен әділдік» тақырыбында адалдық сағаты «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерінің қатысуымен өтті.
Іс-шара оқушылардың адалдық, әділдік, жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті дамытуға бағытталды. Сабақ барысында оқушылар өмірлік жағдайларды талқылап, адал және адал емес әрекеттерді ажыратуды үйренді, әділ шешімдердің маңыздылығы мен айналасындағыларға құрметпен қараудың қажеттілігі туралы ой бөлісті.





