«Адал Азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында 11-сынып оқушылары арасында «Білім — мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жоғары сынып оқушыларының білімге деген саналы көзқарасын қалыптастыру, оны тұлғалық дамудың және табысты болашақтың негізгі факторы ретінде түсіндіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының білім беру саласына қатысты негізгі ережелерімен таныстыру болды. Сынып сағаты барысында оқушылар қолжетімді әрі сапалы білім беруді қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін, сондай-ақ қазіргі қоғам жағдайында білім мен кәсіби даярлықтың маңызын талқылады.





