9 қыркүйекте КММ "Елеций орта мектебінде" Отбасы күніне орай жаңа оқу күні басталмай тұрып ата-аналардың қатысуымен сергіту сәті ұйымдастырылды.
Сергіту сәті тез өтсе де, жақсы көңіл-күй сыйлады. Одан кейін оқушылар да, ата-аналар да сергек күйде болды. Осындай шағын үзілістер денсаулықты сақтап қана қоймай, отбасылар арасындағы байланысты нығайтатынын түсіндік.
 	
						
						
						
						
						



